Есептілік

«Орал қаласының Желаев селолық округі әкімінің аппараты» ММ

«Орал қаласының Желаев селолық округі әкімінің аппараты» ММ

 

Желаев селолық округі Орал қаласының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Округ халқы 10 түрлі ұлт өкілдерінен құралған 2283 адамнан тұрады. Олардың 217 - зейнеткер (оның ішінде тыл ардагерлері – 28 адам), 103 – студент, 317 – мектеп оқушылары, 262 – мектеп жасына дейінгі балалар және 1384 адам тұрғындардың белсенді бөлігі.(оның ішінде өзін-өзі нәтижелі жұмыспен қамтығандар -56,өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандар-226 адам)

Округ аумағы - 103 га көлемді құрайды. Аулалар саны-518. Оның ішінде жеке қосалқы шаруашылығы барлары - 86. 

Желаев селолық округінің мал басы саны 2017 жылдың 1 шілдесіне келесідей көрсеткіштерді құрайды. Ірі қара мал – 67, қой мен ешкі -113,шошқа -58, үй құстары -842.

Білім беру саласында 25 орындық мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған шағын орталығы бар, 360 орындық №14 жалпы орта білім беретін мектеп қызмет жасайды.

Округте халыққа медициналық қызмет көрсететін дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді. Амбулаторияның айналымына 35 адамды қабылдауға мүмкіндігі бар. Онда ауруларды қабылдау кабинеті, 10 төсекке күндізгі стационар жұмыс жасайды.

Желаев селолық округі әкімі аппаратымен «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметі көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтің нақты бекітілген 1 стандарты мен 1 регламенті бар. Олар: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №3-2/378 стандарты және Батыс Қазақстан облысы әкімінің 2015 жылғы 21 шілдедегі №180 қаулысымен бекітілген регламенті. Бүгінгі күнге дейін 18 адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді. Барлық қызметті алушылар көрсетілген мемлекеттік қызметке «жақсы» деген баға берді. 

Ағымдағы 21 сәуір айында мемлекеттік көрсетілетін қызметке жария талқылаулар өткізіліп, түсінік жұмыстары жүргізілді.  

Сондай-ақ, 4 отбасыға 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындалса, 1 отбасыға біржолғы материалдық көмек көрсетіліп, 2 отбасы «Өрлеу» бағдарламасы арқылы жәрдемақы алып, жұмысқа орналастырылды. 

Желаев селолық округі әкімінің атына 2017 жылдан басынан бастап жеке және заңды тұлғалардан жазбаша түрде 18 өтініш түсіп, бір азамат әкімнің жеке қабылдауында болды. Өтініштер «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес қаралып,тиісті шаралар қабылданып немесе құзырлы органдарға уақытылы жолданды.

 

Округтың коммуналдық шаруашылығы және абаттандыру:

 

Көктемгі кезеңде төтенше жағдайлардың (су басу, автобустардың және басқа да көліктердің кедергісіз жүруін қамтамасыз ету) алдын алу мақсатында 2017 жылдың көктемінде 2835 текше метр қар шығарылды, 370 текше метр еріген қар суы сорылды. 

2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Желаев селолық округінің қолма-қол ақшаны бақылау шотында 4 657,1 мың теңге қаражат болды. 2017 жылдың 1 жартыжылдығында Салықтар есебінен және коммуналдық мүлікті жалға беруден қолма-қол ақшаны бақылау шотына 3853,7 мың теңге қаражат келіп түсті. 

Мамыр айында жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы 226,3 мың теңге қаражатқа Кленовая, Агрегатная көшелеріне төрт жарықтандыру шамы мен екі жарықтандыру бағанасы орнатылды. 

Мамыр айының соңында округ аумағындағы Мектептен тыс жұмыс орталығының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. 

Маусым айында Желаев селосының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы 744,3 мың теңге қаражатқа Шоссейная, Чкалова көшелері бойында 4 аялдама жасалып, орнатылды. 

Округтің Трудовая, Курганная, Агрегатная көшелерінің жолдарына 115 млн.теңге қаражат бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша бөлінген 1 402,0 мың теңге қаражатқа Кленовая көшесі бойында ұзындығы 115 метр болатын жаяу жүргінші жолының құрылысы, Желаев селолық округінің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы 2 030,0 мың қаражатқа Көпбергенов көшесі бойында 165 метр жаяу жүргінші жолының құрылысы жүргізілді.

Желаев селолық округінің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы 3 432,0 мың қаражатқа округ аумағының Железнодорожная көшесіне ұзындығы 280 метр болатын жаяу жүргінші жолы орнатылды.

Сондай-ақ, округ аумағын абаттандыру бойынша шаралар жүргізу мақсатында, жергілікті полиция қызметкерлерімен бірге, тұрғындарға тұрғын үй маңын қоқыстар мен тағы да басқа материалдардан босатуға өкім ететін хабарламалар тарату жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күні округ бойынша абаттандыру қағидаларын сақтамаған 25 үйге хабарлама таратылды.

Ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығына округ аумағындағы екінші деңгейлі көшелерге Желаев селолық округінің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қаражатқа шебін төсеу жұмыстарын, жаяу жүргінші жолы құрылысын  жүргізу жоспарланып отыр.

Әлеуметтік қамсыздандыру және халыққа қызмет көрсету:

 Желаев селолық округі әкімі аппаратымен «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметі көрсетіледі

Мемлекеттік қызметтің нақты бекітілген 1 стандарты мен 1 регламенті бар. Олар: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №3-2/378 стандарты және Батыс Қазақстан облысы әкімінің 2015 жылғы 21 шілдедегі №180 қаулысымен бекітілген регламенті. Бүгінгі күнге дейін 15 адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді. Барлық қызметті алушылар көрсетілген мемлекеттік қызметке «жақсы» деген баға берді.

Ағымдағы 21 сәуір айында мемлекеттік көрсетілетін қызметке жария талқылаулар өткізіліп, түсінік жұмыстары жүргізілді. 

Сондай-ақ, 4 отбасыға 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындалса, 1 отбасыға біржолғы материалдық көмек көрсетіліп, 2 отбасы «Өрлеу» бағдарламасы арқылы жәрдемақы алып, жұмысқа орналастырылды.

          Желаев селолық округі әкімінің атына 2017 жылдан басынан бастап жеке және заңды тұлғалардан жазбаша түрде 8 өтініш түсіп, бір азамат әкімнің жеке қабылдауында болды. Өтініштер «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес қаралып,тиісті шаралар қабылданып немесе құзырлы органдарға уақытылы жолданды.

 

 Мәдени-бұқаралық және ағарту іс шаралары:

 

1 наурыз Алғыс айту күні мерекесіне орай қалалық «Намыс» спорт клубымен бірігіп, тыл ардагерлері және зейнеткерлер арасында спорттық іс-шаралар ұйымдастыру мақсатында шашка, шахмат ойындары бойынша жарыс ұйымдастырылды.

22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні Наурыз күні мерекесін кең көлемде атап өту мақсатында, тұрғындардың, округ аумағында мекемелердің қатысуымен «Қош келдің, Наурыз» атты мерекелік шарасы ұйымдастырылды. Мерекелік шара қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін жаңғыртып, қастерлейтін күн ретінде ұйымдастырылып, ұлттық тағамдарға арналған мол дастархан жайылып, киіз үй тігіліп, қазақтың ұлттық спорттық ойындарынан жарыстар ұйымдастырылды.

7 сәуір Денсаулық күніне орай  мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсету бағытында селолық дәрігерлік амбулатория мамандарымен бірігіп мүгедектердің үйлерін аралап денсаулықтарын тексеру жұмыстары жүргізілді және демеушілердің ықпал етуміен сыйлықтар табыс етілді.

9 мамыр Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай тыл ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында  мектеп оқушылары мен ұстаздар парадқа шығып, округ әкімдігі ғимараты алдында мерекелік концерт ұйымдастырылды. «Солдат ботқасы» деген атаумен мерекелік дастархан әзірленіп, 28 тыл ардагерлеріне округ аумағындағы кәсіпкерлердің қолдауымен азық-түлік салынған себет ұсынылды.

 

Округтың коммуналдық шаруашылығы және абаттандыру:

 

Көктемгі кезеңде төтенше жағдайлардың (су басу, автобустардың және басқа да көліктердің кедергісіз жүруін қамтамасыз ету) алдын алу мақсатында 2017 жылдың көктемінде 2835 текше метр қар шығарылды, 370 текше метр еріген қар суы сорылды.

Мамыр айында жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы 226,3 мың теңге қаражатқа Кленовая, Агрегатная көшелеріне төрт жарықтандыру шамы мен екі жарықтандыру бағанасы орнатылды.

Мамыр айының соңында округ аумағындағы Мектептен тыс жұмыс орталығының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

Маусым айында Желаев селосының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы 744,3 мың теңге қаражатқа Шоссейная, Чкалова көшелері бойында 4 аялдама жасалып, орнатылды.

Округтің Трудовая, Курганная, Агрегатная көшелерінің жолдарына 115 млн.теңге қаражат бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары басталды, жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың қазан айында аяқтау жоспарланып отыр.

Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша бөлінген 1 402,0 мың теңге қаражатқа Кленовая көшесі бойында ұзындығы 115 метр болатын жаяу жүргінші жолының құрылысы аяқталса, Желаев селолық округінің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы 2 030,0 мың қаражатқа Көпбергенов көшесі бойында 165 метр жаяу жүргінші жолының құрылысы жүргізіліп жатыр.

Ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығына округ аумағындағы екінші деңгейлі көшелерге Желаев селолық округінің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қаражатқа шебін төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.