Басшылық







Ашығалиев
Тимур Құбайдоллаұлы  


 

Орал қаласының Желаев селолық округінің әкімі Ашығалиев Тимур Құбайдоллаұлы 1974 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, 1996 жылы Батыс Қазақстан Ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдаған. Мемлекеттік қызмет өтілі 5 жыл.

2011 жылы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медальімен мараптталған.

Еңбек жолы:

- 07.1996 – 11.2000 жылдар аралығында «Тимур и К» толық серіктестігінің директоры;

- 11.2000 – 06.2004 жылдар аралығында «Орал агрофирмасы Біріккен кәсіпорны» ЖШС-нде қайта өндеу цехының бастығы;

- 06.2004 – 10.2005 жылдар аралығында «Орал астық өнімдері комбинаты» ЖШС директорының орынбасары;

- 11.2005 – 03.2006 жылдар аралығында «Жайық Жылу Қуат» АҚ турбиналы цехтың насос қондырғысының машинисті;

- 03.2006 – 08.2006 жылдар аралығында «Казюгозападпромстрой» ЖШС бу-газды қоңдырғының операторы;

- 09.2006 – 06.2007 жылдар аралығында «Жайық Жылу Қуат» АҚ-нда ЖЭЦ бу-газды қоңдырғы блогы ауысымының бастығы;

- 08.2008 – 10.2008 жылдар аралығында «Көркем Орал» ЖШС директорының орынбасары;

- 10. 2008 – 07.2012 жылдар аралығында Орал қаласының Деркөл кенттік округінің әкімі;

- 07.2012 – 03.2013 жылдар аралығында Орал қаласының Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй қорын ұстау секторының меңгерушісі;

- 06.2013 – 08.2013 жылдар аралығында «Январцево орман және жануарлар әлемін қорғау» ММ-нің орман шебері;

- 12.08.2013 жылдан бастап Орал қаласының Желаев селолық округінің әкімі.